31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні шаһарда мерекелік іс-шаралар кешкі сағат 21:00-ден түнгі 01:30-ға дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бір мезетте бірнеше жерде музыкалық және театрландырылған бағдарламалар ұйымдастырылады.
Мерекелік іс-шаралар келесі орындарда өтеді: Республика алаңы, Өскемен аллеясы (Жібек Маталар комбинаты), Үлбі жағалауы, Комендантка, Защита шағынауданы, Ахмер кенті.
Пікірлер