Жан-жақтан келген туристер ұлттық нақыштағы әр заттың ерекше етіп жасалғанын айтып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде, Аргентинадан келген Габриела есімді әйел шығысқазақстандықтар тіккен киіз үйдің ерекше көрініске ие екенін айтты.
- Маған бұл жақтың атмосферасы қатты ұнады. Жазық дала, тігілген киіз үйлердің үйлесімділігі барлығы дерлік ерекше көрініске ие. Күні кеше көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында болдық, әні мен биі керемет екен. Өзіме қатты ұнады, - деді ол.
Пікірлер