A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:10 0

ШҚО-да заңсыз балық аулауға қатысты 3 қылмыстық іс тіркелді

Бүгін / ШҚО

Өңір аумағында аумағында 16 сәуір-30 мамыр аралығында республикалық «Нерест» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның мақсаты – су биологиялық ресурстарын заңсыз аулау, тасымалдау және сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарға тосқауыл қою.

ШҚО Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, балық уылдырық шашатын орындарды, су айдындарының жағалауларын және көлік бағыттарын қамтитын кешенді рейдтік шараларды жүзеге асырды.

- Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінің жағалауында заңсыз балық аулаумен айналысқан 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру барысында одан моторлы қайық пен 55 келіге жуық көксерке балығы тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген ресми ақпаратта. 

Аталған кезеңде барлығы 100-ден астам рейд ұйымдастырылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабына сәйкес 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар балық ресурстарын заңсыз аулауға және олардың айналымына байланысты 3 қылмыстық іс тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив