Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басталғалы облыста абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарын бұзудың 4483 дерегі тіркелді. Оның ішінде 3671 құқық бұзушылық абаттандыру қағидаларын сақтамауға қатысты болса, 812 жағдай қоғамдық орындарды ластаумен байланысты. Барлық құқық бұзушыға қатысты ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз қоқыс төгілген 98 орын анықталып, оның 76-сы толықтай жойылған.
Сонымен қатар қоқыс тастау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау үшін бейнебақылау камералары кеңінен қолданылып жатыр. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтап, қоршаған орта тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пікірлер