A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:30 0

ШҚО-да демалыс күндері +35°С-қа дейін ыстық болады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» мәліметінше, өңірде жоғары температура сақталып, кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, Өскеменде демалыс күндері күн ыстық болады.
13 маусым, сенбі күні ауа температурасы +30…+32 °C шамасында сақталады. Аспан бұлттанып, өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.
14 маусым, жексенбі күні де ауа температурасы +30…+32 °C аралығында болады. Бұл күні жауын-шашын күтілмейді. 
Жалпы, өңірде ауа температурасы жоғары деңгейде сақталады.
13 маусымда өңірдің көп бөлігінде +30…+35 °C аралығында ыстық болады, ал облыстың шығысында ауа +25 °C шамасында сақталады. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.
14 маусым күні де ауа температурасы +30…+35 °C аралығында болады, шығыста +25 °C шамасында. Кей аумақтарда жаңбыр мен найзағайдың сақталу ықтималдығы бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив