A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:05 0

ШҚО-да сел қаупіне қарсы мониторинг жалғасуда

Бүгін / ШҚО

«Қазселденқорғау» филиалы мамандары мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мұздықтардың еруінен пайда болған 144 көлді тұрақты бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жағдайды бағалау мақсатында Риддер маңындағы Иванов жотасының беткейлерінде орналасқан 30 көлге әуеден тексеру жүргізілді. Мамандар Громотуха және Ақ Үбі өзендері бассейндеріндегі су айдындарының жай-күйін, су деңгейін және сел, су тасқыны немесе көшкін қаупін тудыруы мүмкін жағдайларды зерттеді.
Тексеру нәтижесінде таулы аймақтардағы қар жамылғысының басым бөлігі еріп кеткені анықталды. Көлдер біртіндеп мұздан арылып жатыр. Алайда ашылған су айдындарындағы су деңгейі әлі төмен. Табиғи бөгеттер арқылы су тасу фактілері тіркелмеген.
Сонымен қатар мамандар Кіші Үлбі су қоймасын да тексерді. Нысанды қарау барысында бөгет тұтастығына қауіп төндіретін қандай да бір бұзушылықтар анықталмады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив