Ауданда жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, кардиолог, эндокринолог жетіспейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, офтальмолог, кардиолог және эндокринолог лауазымдарында зейнеттегі мамандар жұмыс істеуде.
– Ауданда халыққа медициналық көмекті аудандық аурухана, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 медициналық пункт және жеке үй-жайда 1 медицина қызметкері қызмет көрсетеді. Қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітім 38,6%-ға (100 мың тұрғынға 89,5), туберкулезбен сырқаттанушылық 33,6%-ға (100 мың тұрғынға 14,6) төмендеді. Туберкулезден болатын өлім-жітім саны тіркелген жоқ, - деді аудан әкімінің орынбасары Сымбат Дүйсенғазин.
2026 жылдың 4 айында 31 нәресте өмірге келді. Бала және ана өлімі тіркелген жоқ. Есепті кезеңде науқастарға 35,8 млн теңгенің тегін дәрі-дәрмектері таратылды.
Пікірлер