ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, ер адам 120 мың теңгеге сыйлық сертификатын сатып алған. Алайда белгіленген мерзімде компания қызметін пайдалана алмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кейін ол кәсіпкерден ақшасын қайтаруды сұрағанымен, оған кассалық түбіртек ұсыну қажеттігі айтылып, қаражатты қайтарудан бас тартылған. Дегенмен сертификаттың өзінде сатып алу фактісін растайтын штрих-код болды.
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілмеген қызмет немесе берілмеген тауар үшін ақшаны ұстап қалу заңсыз. Сондай-ақ дүкеннің ішкі ережелері заң талаптарына қайшы келмеуі тиіс, – делінген департамент ақпаратында.
Нәтижесінде кәсіпкер тұтынушыға 120 мың теңгені толық көлемде қайтарды.
Мамандар пайдаланылмаған сыйлық карталары мен сертификаттары үшін төленген қаражат тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем болып саналатындықтан, қайтарылуға жататынын еске салады.
Пікірлер