Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандар мәліметінше, алдағы айда ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Айдың басында өңірде бірқалыпты жылы ауа райы сақталады.
Шілденің алғашқы онкүндігінде кешкі уақытта ауа температурасы +7…+12 градустан +15…+20 градусқа дейін көтерілсе, күндіз +19…+24 градустан +27…+32 градусқа дейін ысиды.
Екінші онкүндікте ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде +10…+20 градус, күндіз +22…+32 градус аралығында сақталады.
Ең ыстық кезең шілденің үшінші онкүндігіне сәйкес келеді. Ай соңына қарай өңірде ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Алайда айдың соңғы күндерінде күндізгі температура +24…+29 градусқа, түнде +12…+17 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер болжамынша, шілде айында жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болмақ. Өңірде қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай жиі байқалады.
Сонымен қатар кей күндері желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Пікірлер