A+ A A-

talgatzhan 34 16-06-2026, 12:30 0

ШҚО-да «Jasyl El» жобасына қатысатын жастардың айлығы қанша?

Бүгін / ШҚО

Биыл өңірде «Jasyl El» жастар еңбек жасақтары жобасы аясында 1500 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір жобаны жүзеге асыратын облыстық филиалда 5 маман қызмет атқарады. Олардың қатарында 1 жоба координаторы, 2 жоба менеджері, 1 бухгалтер және 1 аймақтық үйлестіруші бар. Мамандар жобаның сапалы іске асырылуын қамтамасыз етіп, жастармен жүйелі жұмыс жүргізуде.
– Жоба барысында жастар елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жүргізу және қоршаған ортаны қорғау шараларына қатысады. Қатысушылардың еңбекақысы екі тараптың қолдауымен төленеді. Ұйым тарапынан әр қатысушыға 35 мың теңге, ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан ең төменгі жалақы көлемінде – 85 мың теңге қарастырылған, – деді «Jasyl El» жастар еңбек жасақтары облыстық филиалының жоба менеджері Нұрасыл Елубаев.
Оның сөзінше, осы арқылы жастардың еңбегі лайықты бағаланып, жазғы маусымда табыс табуына мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасақ мүшелері арнайы жұмыс киімдерімен қамтылады. Қазір жастарға арнайы аяқ киім, шалбар және жұмысқа арналған сырт киімдер беріліп жатыр.
Бүгінде жоба облыстың 11 ауданы мен 2 қаласында жүзеге асырылып жатыр. Ұйым өкілдерінің айтуынша, «Jasyl El» жастарға табыс табумен қатар, еңбек тәжірибесін жинап, туған өлкенің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Дильназ Сымбатова
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив