Өскемен қаласы мен Самар, Зайсан, Күршім аудандарында өрт қаупінің ең жоғары деңгейі анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт маусымы басталғаннан бері өңірде 5,81 гектар аумақты алып жатқан 9 орман өрті және 418 гектар аумақты алып жатқан 37 дала өрті тіркелген.
Департаменттің ақпаратынша, аймақта орман өрттерінің алдын алу бойынша күшейтілген алдын алу шаралары жалғасуда. Мамандар орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін үнемі бақылап отырады. Өрт сөндірушілер, жергілікті билік органдарының қызметкерлері, полиция және орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер жүргізіледі.
Өрт маусымы басталғаннан бері 387 рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 153 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ШҚО ТЖД өкілдері құрғақ және желді ауа райында өрттің өте тез таралатынын атап өтті. Облыста құрғақ және ыстық ауа райы сақталады деп болжануда. Бұл ерекше сақтықты талап етеді.
Пікірлер