Синоптиктер мәліметінше, өңірдің бірнеше ауданында орташа деңгейдегі қуаңшылық қалыптасуы ықтимал. Қауіп аймағына Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл және Тарбағатай аудандары кіріп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Шемонаиха маңында да ылғал тапшылығы байқалуы мүмкін. Мамандар сөзінше, қолайсыз агрометеорологиялық жағдайлар тек Шығыс Қазақстанда ғана емес, еліміздің басқа да өңірінде күтіледі. Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының кейбір аудандарында да қуаңшылық қаупі бар.
Ал Қостанай және Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында, керісінше, ылғал мөлшері қалыпты деңгейден жоғары болуы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК мамандары жарияланған мәліметтің алдын ала болжам екенін атап өтті. Алдағы уақытта жаңа метеорологиялық деректерге байланысты болжам нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Пікірлер