Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ ол құрылыс саласындағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға өскенін атап өтті.
- Энергетика саласына келсек, 172 жаңартылған энергия көздері жұмыс істейді. Биыл тағы 10 нысан солардың қатарына қосылады. Ал туризм саласында Алматы тау кластері, Almaty Superski жобалары бар. Сонымен қатар соңғы 3 жылда Алматы, Шымкент, Қызылорда қаласында жаңа әуежайлар іске қосылған еді. Биыл жыл соңына дейін Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары пайдалануға беріледі, – деді Қанат Мыңбаев.
Пікірлер