A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 11:10 0

12 мың адам көрген Тік tok эфирінде былапыт сөз айтқан Семей тұрғыны қамалды

Бүгін / Республика / Қылмыс

Абай облысында полицейлер мониторинг кезінде TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтқан әйелді анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Эфир барысында ішімдік ішіп отырған әйел былапыт сөздерін жаудырып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Тікелей эфирді шамамен 12 мың адам көрген.

Құқық бұзушылық жасаған әйелдің жеке басы тез-ақ анықталды. Ол Мадина Баяхметова есімді Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасына байланысты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

«Әлеуметтік желілер – баршаға қолжетімді ақпараттық кеңістік. Тікелей эфир барысында былапыт сөздер айту, әдепсіз мінез-құлық көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзудың өзге де түрлері заңда белгіленген жауапкершілікке негіз болуы мүмкін», – делінген мәліметте.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, құқыққа қайшы контент жолын кесу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив