A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:40 0

Өрел ауылы «Ең үздік ауыл» республикалық байқауына қатысып жатыр

Бүгін / Катонқарағай / Басты

Катонқарағайдағы ауыл «Ауыл» телеарнасы ұйымдастырған республикалық жобаға қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, ауыл тұрғындарының, аудан жұртшылығы мен облыс халқының қолдауы елдімекеннің келесі кезеңге өтуіне ықпал етеді. Жобаның мақсаты – ауылдар әлеуетін танытып, жетістігін көпшілікке насихаттау.
Байқау аясындағы дауыс беру екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең 12-18 қазан аралығында @auyltv.kz Instagram парақшасында ұйымдастырылады. Екінші кезең 19-25 қазан күндері @auyltvkz YouTube арнасында өтеді. Ал финалдық кезең 31 қазанға жоспарланған.
Байқау ережесіне сәйкес, ауылдардың келесі кезеңге өтуі қаралым, лайк және пікір санына қарай жинаған ұпайларына байланысты болады.
Сондықтан Өрел ауылы туралы жарияланған материалдарды көріп, лайк басып, пікір қалдырып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарату маңызды. Әрбір қолдау ауылдың байқауда жоғары нәтиже көрсетуіне және келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив