Өңірде жүк тасымалы артқанымен, жолаушылар тасымалы төмендеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әсіресе ұшақты қолданатындар саны айтарлықтай азайған.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аймақта 15,6 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп.
Ал жолаушылар көрсеткіші 14,1%-ға төмендеген. Белгілі болғандай, барлық көлік түрімен 60,5 млн жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ға аз.
Қаңтар-қыркүйек айларында ұшақты қолданатын жолаушылар саны 14,6%-ға азайған. Ал жолаушылар айналымы 51,7%-ға төмендепті.
Автомобиль және қалалық электр көлігінде жолаушылар саны 4,1%-ға кеміді. Дегенмен жолаушылар айналымы 5,1%-ға өскен. Ал теміржол көлігінде екі көрсеткіш те артқан. Жолаушылар саны 7,3%-ға, жолаушылар айналымы 16,7%-ға көбейді.
Пікірлер