Шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы 2026 жылғы маусымның соңғы кездесуін өткізді. Чемпионат көшбасшыларының бірі - алматылық «Қайратқа» қарсы өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маусымның шешуші кезеңінде «Алтай» футболшылары жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін турнир кестесінің төменгі сатысында тұрған командалармен тартысты бәсекеге түсті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша клуб 14-орынға тұрақтап, келесі маусымда да Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсету құқығын сақтап қалды.
«Қайратқа» қарсы кездесуде жерлестеріміз соңғы минуттарға дейін жеңіске деген жігерін танытты. Ойынның 82-минутында «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Елисей Горшунов қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті теңестірді. Осылайша, матч 1:1 есебімен аяқталды.
Нәтижесінде «Алтай» клубы 2026 жылғы маусымды аяқтап, 2027 жылы да ел футболының жоғары дивизионындағы орнын сақтап қалды.
Пікірлер