A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 14:40 0

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Бүгін / Республика

Қорғаныс министрлігі 2027–2028 жылдарға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жеке құрамын тамақтандыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген ерекше тәртіпті қолдана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылады

Конкурсты ұйымдастырушы – Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу орталығы.

Жоспарланған сатып алу жөніндегі ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады.

Сапалы тамақтану – әскери қызметшілердің денсаулығы, төзімділігі мен жауынгерлік даярлығының маңызды кепілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив