453.26 506.7 5.58
A+ A A-

Қазақстанда тұрмыстық газ баллондарына міндетті таңбалау енгізіледі

Қазақстанда тұрмыстық газ баллондарына міндетті таңбалау енгізіледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын сататын тұрмыстық баллондарға міндетті таңбалау енгізу жоспарланып отыр. Жаңа талап 2027 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енуі мүмкін. Энергетика министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, тұрмыстық баллондарда сатылатын сұйытылған мұнай газын міндетті таңбалау 2027 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілуі мүмкін.

Бұйрық жобасында газ баллондарына салынатын сәйкестендіру құралдарының, яғни таңбалау кодтарының ең жоғары бағасын белгілеу көзделген. Бұл ретте мемлекет, бизнес және халық мүдделерінің теңгерімін сақтау ескерілген.

Сонымен қатар жаңа талап сұйытылған мұнай газының тұрмыстық баллондардағы айналымын цифрлық бақылауға мүмкіндік бермек.

Алайда құжатқа берілген түсіндірме кестеде таңбалаудың нақты құны көрсетілмеген.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив