ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, осы жылдың он айында Өскемендегі ойын-сауық орындарынан «102» арнасына 1 080 қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«102» арнасына ең көп хабарласқан бес мекеме:
«Bike Club» түнгі клубы – 50 қоңырау;
«Сибинка» кафесі – 45 қоңырау;
«Soprano» караоке-бары – 36 қоңырау;
«Салют» ресто-бары – 33 қоңырау;
«Bavaria» бары – 32 қоңырау.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда полицияға түскен хабарламалар саны 1,5 есеге азайды.
- Полиция қоғамдық тәртіп тек көшелерде ғана емес, демалыс орындарында да сақталуы тиіс екенін еске салады. Мекеме әкімшілігі жанжал жағдайларына дер кезінде назар аударуы керек, ал келушілер демалыс кезінде әркім өз әрекеті үшін жауапты екенін ұмытпағаны жөн, - деді полиция өкілдері.
Пікірлер