Ұлан ауданындағы демалыс аймақтарын дамыту жоспары аясында биыл аудан әкімдігі туристерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлерді тартуға жағдай жасамақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
— Биыл Сібі көлдері мен Шыбындыкөл көліне жақын орналасқан Жоғарғы Тайынты және Алғабас ауылдарына сауда алаңдарын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Жергілікті тұрғындар Сібі мен Шыбындыкөл көлдерінің жағасында демалушыларға сүт және ет өнімдерін, сондай-ақ нан өнімдерін сата алады, - деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Ләзиза Кенжетаева.
Пікірлер