12 наурызда Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша VII облыстық турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жүзу бассейнінде өтті.
Турнирдің мақсаты – жас ұрпақ арасында өмір сүру қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
Көпсайыс бағдарламасы келесі қашықтықтарды қамтыды:
- Жабық бассейнде 25 шақырымға жүзу (жеке, командалық жарыстар);
- Аралас эстафета (командалық жарыстар).
Іс-шараға «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубы және жас құтқарушылар клубынан 7 команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды №34 мектеп-лицейі иеленді. 2 орынға Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі лайық деп танылды. Ал жүлделі 3 орынды Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды. Қалған командаларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
Пікірлер