A+ A A-

talgatzhan 52 22-03-2025, 10:00 0

Жылқылар мен адамдар араласып кетті: ШҚО-да завод жұмысшылары неліктен жылқы өсіреді?

Бүгін / ШҚО

Өскемен металлургия алаңшасы (ӨМА) мырыш заводының 30 жастағы электрмонтері Асылбек Шаку –  өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар талантты көкпаршы. Ол Ұлан ауданы Сағыр ауылының құрама командасының атынан көкпар ұлттық ойынына кәсіби түрде қатысып отырады. Асылбек пен оның тұлпарлары бірнеше рет қалалық іс-шараларға, сондай-ақ ауқымды – ALTAY FEST.KZ туризм және «Бүркітшілер» фестивальдеріне қатысты. 

Биылғы жылы бұл адамды жаңа жағынан көруге: ол өзінің арғымағында Наурыз мерекесінде ӨМА-ның завод алдындағы алаңда өнер көрсетеді. Сондай-ақ, мерекеге оның тағы үш адал серігі – сымбатты жылқылары мен өзіне адал тазыс тұқымдас иті қатысады. 
«Жеті жасымда ат алғаш рет атқа міндім, содан бері аттан түскен жоқпын. Оларға деген сүйіспеншілікті әкем оятты, мен әкемнің ісін жалғастырушымын. Қазақтарда мынадай мақал бар: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Менің сүйікті және адал жылқымның аты Найзағай, оны құлын кезінен өзім өсірдім. Жалпы, қазақтардың жылқыларға деген сүйіспеншілігі қанында ғой. Сондықтан мен жылқы өсірумен айналысамын, ауылда шағын шаруашылығымыз бар, маған ата-анамыз бен ағаларым көмектеседі».
Асылбек Шаку
Виктор Колмаков «Казцинк» ӨК № 3 цехта слесарлық-құрастыру учаскесінің мастері болып жұмыс істейді. Оның компаниядағы жұмыс өтілі 28 жылдан асты. Ол еңбек әулетінің екінші буын өкілі: мұнда зейнеткерлікке шыққан әпкелері жұмыс істеді, ал қазір жиендері жұмысын жалғастыруда. 
Виктор Михайлович бала кезінен жылқылармен дос, оларға деген сүйіспеншілігі берік. Ағасы Константинмен бірге ол Риддер маңындағы ауылда жылқы өсіреді және оларды Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараларға қуана әкеледі. Барлығы, әсіресе балалар, оның тұлпарының мерекеге келуін күтеді. Әркім тұлпарға мініп, сипалап, қытырлақ сәбіз беріп, бірге суретке түскісі келеді. Биылғы жылы да солай болады. Колмаковтар отбасының тұлпарлары ерекше балаларға жылулық пен қуаныш сыйлайды, олар үшін осы асыл жануарлармен байланыс нағыз емдік терапияға айналды. 
«Жылқыдан адал, әрі ақылды жануар жоқ. Менің тұлпарымның аты Запятая (Үтір). Оның маңдайында ақ белгі бар, үтірге ұқсас. Ол алты жаста, өте мейірімді, әрі сабырлы. Біздің отбасымызда бәріміз жылқыларды жақсы көреміз. Кіші қызым менің фермаға бара жатқанымды білсе, менен қалмайды. Тағы бір жақсы дәстүр бар – бәріміз бірігіп жануарларға ат қоямыз». 
Виктор Колмаков

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив