A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 13:05 0

Жоғары оқу орнымен меморандум: кадрлық әлеуетті дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Бүгін / ШҚО

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құжаттың негізгі мақсаты – жоғары оқу орны түлектерін мемлекеттік қызметке тарту, жастар арасында мемлекеттік қызмет беделін арттыру, сондай-ақ білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру бағытындағы өзара іс-қимылды дамыту.

Тараптар пікірінше, меморандум мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты күшейтуге, жастардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер жасап, студенттердің мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар құжат тиімді, кәсіби және адал мемлекеттік аппарат қалыптастыру ісіне өз үлесін қоспақ.

Меморандумға қол қою рәсімінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Ержан Айқымбеков құжат маңыздылығына тоқталды.

– Бұл меморандум алдағы бірлескен жұмыстың нақты бағытын айқындайтын маңызды құжат. Оның аясында жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және елге қызмет ету құндылығын насихаттау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Бүгінде мемлекеттік аппаратқа білімді, жауапты, ашық ойлайтын және адалдық қағидаттарын берік ұстанатын жас мамандар қажет. Сондықтан студенттер мен түлектердің бойында әділеттілік, жауапкершілік, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру – ортақ міндетіміз, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив