443.96 487.73 5.38
A+ A A-

Президент Жолдауы: атом саласын дамыту және отандық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды

Президент Жолдауы: атом саласын дамыту және отандық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемен қаласында «Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Үлбі металлургиялық зауытының ұжымымен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді талқылау болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жүздесу барысында атом энергетикасын дамыту, отандық өндірістік әлеуетті нығайту және білікті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шығыс Қазақстан өңірінің бұл салада қалыптасқан өндірістік және ғылыми әлеуеті бар екені атап өтілді. Ядролық отын компоненттерін өндіруде көпжылдық тәжірибесі бар Үлбі металлургиялық зауыты атом саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

«Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Жанат Мекеева Президент Жолдауында атом энергетикасын дамыту және болашақ атом электр станцияларын уран шикізатымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше орын берілгенін атап өтті.

–Жолдауда атом энергетикасына айрықша көңіл бөлінді. Президент болашақ АЭС-терді уран шикізатымен ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мәселесін пысықтау, уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістерді дамыту мен құзыреттерді беру үшін шетелдік серіктестерді тарту қажеттігін айтты. Сонымен қатар отандық атом саласы мамандарын даярлауға ерекше мән берілді, – деді Жанат Мекеева.

Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асырудың елдің технологиялық дамуы, өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және отандық мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызы талқыланды.

Жиынға қатысушылар атом саласының даму перспективалары мен Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы Шығыс Қазақстан кәсіпорындарының рөлі жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив