443.96 487.73 5.38
A+ A A-

ШҚО-да көлікті мас күйде тізгіндеген 16 адам анықталды

ШҚО-да көлікті мас күйде тізгіндеген 16 адам анықталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бір аптада өңірде 269 жүргізуші жолақты ауыстыру және өзге де маневр жасау қағидаларын бұзды. Ал 59 дерек бойынша жол қозғалысына қатысушылардың әрекеті апаттық жағдай туғызды. Сондай-ақ 16 жүргізушінің көлікті масаң күйде басқарғаны, тағы 26 адамның жүргізуші куәлігі болмай немесе көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырғаны анықталды.
Бұдан бөлек, 12 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Есепті кезеңде полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 829 дерегінің жолын кесті.
Полиция жолдағы жағдайды бақылауды жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив