443.96 487.73 5.38
A+ A A-

Марқакөлде мұғалімді балағаттаған оқушыға айыппұл салынды

Марқакөлде мұғалімді балағаттаған оқушыға айыппұл салынды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Марқакөл аудандық соты 17 жастағы оқушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 275 теңге айыппұл арқалатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық сот мәліметінше, жасөспірім сынып жетекшісіне сабақ кезінде балағат сөздер айтқан.

Сот оқиғаның 19 қазан күні сыныптастарының көзінше болғанын анықтады. Оқушының мінез-құлқы қоғамдық тәртіпті бұзған, ал оның әрекеттері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабын 1-бөлігіне сәйкес сараланған. Сот отырысы кезінде жасөспірім кінәсін мойындап, өкініп, ұстазынан кешірім сұрады. Оқиғаның мән-жайы әкімшілік іс материалдарымен расталды.

Сот шешім шығарарда оқушының кәмелетке толмағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескерді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 66-бабында көзделген кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза қолдану ерекшеліктері де ескерілді.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив