443.96 487.73 5.38
A+ A A-

ШҚО-да оқу орталығы ақшаны қайтарудан бас тартқан

ШҚО-да оқу орталығы ақшаны қайтарудан бас тартқан [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс тұрғыны оқу орталығына төлеген ақшасын қайтара алмай, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Департамент өкілдері мәліметінше, ер адам оқу курсына 30 мың теңге төледі. Алайда сабақтар басталмаған. Тұтынушы қаражатын қайтаруды талап етіп, ұйымға жазбаша өтініш жолдағанымен, оқу орталығы ақшаны қайтарудан бас тартқан.
Мәселе Департамент мамандары араласқаннан кейін шешілген. Олар оқу орталығы директорына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндірген.
Осыдан кейін ұйым ер адамға өткізілмеген курс үшін төлеген 30 мың теңгесін толық көлемде қайтарды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив