443.96 487.73 5.38
A+ A A-

Қанас пен Марқакөл аралығында халықаралық туристік бағыт ашылуы мүмкін

Қанас пен Марқакөл аралығында халықаралық туристік бағыт ашылуы мүмкін [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы өкілдері Шығыс Қазақстанда трансшекаралық туристік бағыт құру туралы ұсынысты қолдады. Алайда жобаны іске асыру үшін алдымен инфрақұрылым мен логистика мәселелерін пысықтау қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

17 қараша күні Өскеменде ШҚО мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөнінде екінші отырыс өтті. Жиын барысында тараптар халықаралық «Қанас – Марқакөл» туристік бағытын ашу мәселесін талқылады. Кездесу бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылып, оған облыс әкімінің орынбасары Ренат Құрмамбаев және салалық басқарма басшылары қатысты.
Қытай тарапы Шыңжаңдағы Қанас көлінен Марқакөлге дейін туристік бағыт ашу туралы қазақстандық әріптестерінің ұсынысын қолдады. Дегенмен жобаны жүзеге асыру үшін оның ұзақ мерзімді әлеуетін бағалап, қажетті инфрақұрылым мен логистиканы әзірлеу керек.
Атап айтқанда, туристік бағытты толыққанды іске қосу үшін шекарада қосымша бекет ашу, жолдарды жақсарту, қонақүйлер мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу мәселелері қарастырылуы тиіс. Бұл жұмыстар уақыт пен тыңғылықты дайындықты талап етеді.
ШҰАА Алтай округінің әкімшілік басшысы Мұхтар Кәрімбек Қытай, Қазақстан, Моңғолия және Ресей аумағын қамтитын Алтай тауларының табиғи әрі мәдени әлеуеті зор екенін атап өтті.
– «Қанас – Марқакөл» бағытын ашу трансшекаралық туризмнің негізгі бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қатысушы тараптардың табиғи ландшафтары, ұлттық дәстүрлері мен шекаралық өңірлерінің ерекшеліктері біртұтас туристік аймаққа бірігеді, – деді ол.
Оның айтуынша, ШҰАА билігі қазақстандық әріптестерімен бірге шекарадан өтуді жеңілдету, ортақ стандарттар мен қауіпсіздік талаптарын әзірлеу, сондай-ақ туристік қызмет сапасын біріздендіру бағытында жұмыс істеуге дайын.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив