Алтай ауданының Северное ауылы маңында қарға батып қалған жеңіл автокөлікке құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, көлікте екі адам болған. Олар негізгі тасжолдан бірнеше шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автокөлікті қардан сүйреп шығаруға көмектесті.
Пікірлер