443.96 487.73 5.38
A+ A A-

Қазақстанда жасанды интеллект форматындағы 9 ХҚКО жұмыс істеп тұр

Қазақстанда жасанды интеллект форматындағы 9 ХҚКО жұмыс істеп тұр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Олар Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз қалаларында ашылған. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн форматта қолжетімді. Соңғы жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторларына жүгінетін азаматтардың саны 30%-ға қысқарған. 

Цифрлық кеңістік үш аймаққа бөлінген:

– 70%-ы жедел қызмет көрсетуге бағытталған. Мұнда азаматтар eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады;

– 20%-ын сараптамалық аймақ құрайды. Мұнда консультанттар азаматтарға цифрлық сервистерді пайдалануға және қажетті рәсімдерден өтуге көмектеседі;

– 10%-ы оқу аймағына бөлінген. Мұнда арнайы оқу сыныбында цифрлық сауаттылықты арттыру және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.

Жаңа форматтың негізгі құралы – eGov GPT интеллектуалды көмекшісі. Ол диалог форматында азаматқа қажетті қызметті анықтауға, келесі қадамдарды түсіндіруге және қызметті онлайн рәсімдеуді соңғы нәтижеге дейін сүйемелдеуге көмектеседі.

- Өзіне-өзі қызмет көрсету форматына көшу мамандардың көмегінен бас тартуды білдірмейді. Әр цифрлық кеңседе консультанттар жұмыс істейді. Сонымен қатар кеңселерде жайлы күту аймағы қарастырылған. Бұдан бөлек, дайын құжаттарды постамат арқылы алуға мүмкіндік беретін тәулік бойы жұмыс істейтін аймақты іске қосу жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.

Алғашқы цифрлық кеңсе 2026 жылғы маусымда Жезқазған қаласында ашылды. Кейін жаңа формат Түркістан, Астана және Сәтбаев қалаларында іске қосылды. Бүгінде елімізде осындай цифрлық кеңселердің саны тоғызға жетті.

Фото: ЖИ

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив