443.96 487.73 5.38
A+ A A-

Гематология орталығында қабылдау қашан басталады?

Гематология орталығында қабылдау қашан басталады? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемендегі Гематология орталығының ресми ашылуы 30 қазанда өткен болатын, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір медициналық мекемені іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, орталықты Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы балансына беру жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды.

Сонымен қатар медициналық жабдықтарды дайындау, штат құрамын медициналық және өзге де мамандармен толықтыру, қажетті рұқсат құжаттарын алу, құрылымдық бөлімшелер жұмысын ұйымдастыру қажет. Бұдан бөлек, Ұлттық сараптама орталығы қорытындысын алу үшін зерттеулер мен зертханалық талдаулар жүргізіледі.

– Гематология орталығының жұмысын бастау 2027 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр, – делінген Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері берген мәліметте.

Жаңа медициналық мекеме жұмысын қамтамасыз ету үшін облыстық аурухананың кардиология және кардиохирургия бөлімдерінің дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар мен сәулелік диагностика мамандарын ауыстыру жоспарда бар. Сонымен қатар орталыққа кардиологтар, гематологтар,  сүйек кемігін трансплантациялау мамандары және сәулелік диагностика дәрігерлері жұмылдырылады.

Кадр тапшылығын шешу мақсатында республикалық бюджет есебінен резидентурада балалар онкологиясы мен гематология бағыттары бойынша екі маман білім алып жатыр. Олардың өңірге 2027-2028 жылдары келеді деп күтілуде. Сондай-ақ радиология мамандығы бойынша тағы екі резидент оқуда. Олар 2027 жылы жұмысқа кіріседі деп жоспарланған.

Жергілікті бюджет есебінен резидентурада төрт кардиолог дәрігер даярлануда. Олар өңірдің медициналық кадрлар құрамын келер жылы толықтырады.

Орталық іске қосылғанда мына бөлімшелер жұмыс істейді:

- Ересектерге арналған кардиология бөлімі – 65 төсек;
- Ересектерге арналған кардиохирургия бөлімі – 20 төсек;
- Ересектер гематологиясы бөлімі – 25 төсек;
- Балалар гематологиясы бөлімі – 24 төсек;
- Сүйек кемігін трансплантациялау бөлімі – 12 төсек;
- Консультативтік-диагностикалық бөлім – бір ауысымда 150 қабылдау.

Айта кету керек, жаңа орталық Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив