443.96 487.73 5.38
A+ A A-

Өскеменде «Оқитын ұлт – кітап оқудың жаңа дәуірі» атты әдеби-талқы өтті

Өскеменде «Оқитын ұлт – кітап оқудың жаңа дәуірі» атты әдеби-талқы өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада оқырманды бір алаңға жинаған ерекше іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шараның басы-қасында жүргендердің сөзінше, әдеби-талқының басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттырып, танымдық маңызын кеңінен насихаттау. Кездесу барысында әлем және қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының кітап туралы қанатты сөздері айтылып, қатысушылар арасында интерактивті әңгіме өрбіді. Оқудың адам дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына ықпал ететін рөлі туралы ой-пікірлер ортаға салынды.

– Әдеби-талқының көркемдік мазмұнын қаламыздағы «Самға» жастар театрының актерлері толықтырды. Олар Абай Құнанбайұлының «Болыс болдым, мінеки» өлеңін сахналық қойылым арқылы ұсынып, ұлы ақынның шығармашылығын жаңа қырынан танытты. Көркем қойылым көрермендерге ерекше әсер сыйлап, әдеби мұраның сахна өнерімен үндесуіне мүмкіндік берді, – деді кітапхана өкілдері.
Кездесудің маңызды бөлігі республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына арналған.
– Марафон қатысушылары Сәуле Манарбекқызы, Әсем Аманбекқызы және Томирис Ермекқызы өздерінің оқырмандық тәжірибелерімен бөлісті. Олар кітап оқуға деген қызығушылықтарының қалай қалыптасқанын, марафонның өмірлеріне әкелген оң өзгерістерін айтып, оқудың күнделікті өмірдегі маңызына тоқталды, – делінген ақпаратта. 

 

Сонымен қатар кітапты дұрыс таңдау, оқуға уақыт табу және оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кітап оқуға ынталандыратын тиімді тәсілдер жөнінде пікір алмасты. Іс-шара соңында «Кітап оқуға неге уақыт таппаймыз?» тақырыбында шағын дәріс ұсынылды. Дәріс барысында уақытты тиімді жоспарлау, күнделікті оқу әдетін қалыптастыру және кітап оқуды өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру жолдары туралы пайдалы кеңестер берілді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив