Азулы «Zhetisy» ұжымын жеңген соң Халук Коркмаз баптайтын өскемендік клуб петропавлдық командаға қарсы тұрмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Екеуара тартысты матч 28-29 қараша күндері Өскемендегі Жекпе-жек сарайында өтеді.
– Алда нағыз түрік дербиі! Ұлттық лига чемпионаты аясында бас бапкерлері Түркиядан шыққан, қазір чемпионаттың турнирлік кестесінде 1-ші және 2-ші орындарды иеленіп отырған екі команданың тартысты кездесуі өтеді! – делінген «Quanysh» клубының ресми парақшасында.
Иә, бұл шынымен көшбасшылар арасында тартысты текетірес. Жекпе-жек сарайында ине шаншар орын болмауы да мүмкін.
Пікірлер