A+ A A-

talgatzhan 2 17-04-2025, 10:30 0

Ұлан ауданында екі ірі әлеуметтік нысан салынып жатыр

Бүгін / Ұлан

Ұлан ауданының әлеуеті жыл сайын артып келеді. Халық санының күрт өсуіне байланысты аудан орталығында бірқатар маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.


Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде бүгінде екі мектеп бар. Алайда жыл сайынғы оқушылар санының өсуіне байланысты білім беру мекемелерінде орын тапшылығы сезілуде. Осыған орай 600 орындық жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.

Сонымен қатар “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Қасым Қайсенов кентінде 150 адамға арналған жаңа аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда медициналық қызмет көрсету орталығы тұрғын үйлердің бірінің екінші қабатында орналасқан. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін аудан тұрғындарына заманауи стандарттарға сай қызмет көрсетілетін болады.

– Бұл аурухана заманауи медициналық стандарттар мен инновациялық технологияларды ескере отырып жобаланған. Жаңа ғимарат тұрғындарға жайлы жағдай ұсынып, өмір сүру сапасын арттырады, – деді Ұлан ауданының бас дәрігері Қайрат Өскенбаев.

Медициналық орталық пен мектептен бөлек, аудан орталығында 280 орындық балабақша салу да жоспарланған. 

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысып шықты.  

– Қасым Қайсенов кетінде  тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Тұрғындардың пікірінше, кентте жүзеге асырылып жатқан 1-ші және 2-ші кезектегі жылу желілерін қайта құру жобасы жылыту маусымында үйлерде тұрақты әрі жайлы жылу беруді қамтамасыз етті.

- Қасым Қайсенов кентінде магистральды су құбырлары мен аула ішіндегі су жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары да жүргізілуде. Жоба аясында ауылды Меновное су көзінен тартылатын жүйеге қосу қарастырылған. Бұл ауыз судың кермектігі мәселесін шешуге және халықты үздіксіз, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал келесі жылы бүкіл кент бойынша асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұл көлік қатынасының қолжетімділігін арттырып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай туғызады, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив