A+ A A-

talgatzhan 42 17-05-2025, 17:30 0

Өскеменде дзюдодан республикалық турнир өтті

Бүгін / Спорт / Өскемен

17 мамыр күні Б. Александров атындағы спорт сарайында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанәділ Атаевтың құрметіне ұйымдастырылған жарысқа 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Турнирге Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасынан, Абай, Жетісу, Павлодар, Астана, Шығыс Қазақстан облыстарынан жас дзюдошылар келіп, өзара мықтыны анықтады. 

- Дзюдо – халқымыздың қанына сіңген спорт түрі. Еліміз әлемдік аренада жоғары жетістіктерге жетуде. Қатысушылардың да ерен еңбегін айтпасқа болмайды. Жақсы спортшы жақсы жаттықтырушыдан шығады. Жанәділ ағамыз еліміздің күрес спортына зор еңбек сіңірді. Ол — әлемдік сайыстарда оза шауып, жеңіспен елге оралған ұл-қыздардың тәлімгері. Жанәділ Атаев тек бір спортшыны ғана емес, бүкіл буынды тәрбиелеген десек болады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар.

Жарыс спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, халықаралық деңгейдегі спорттық байланысты нығайтады.

- Жанәділ Атаев қаншама әлем чемпионын, тәжірибелі спортшыларды тәрбиелеп, дайындап шығарды. Бүгінгі турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. Залдың безендірілуі, ұйымдастырылуы тамаша. Алдағы уақытта осындай жарыстар жиі өткізіледі деп ойлаймын. Еліміздің спорты өркендей берсін, - деді дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Салмат Үтірбаев.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив