447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Өскеменде отбасылық спорттық сайыс өтті

Өскеменде отбасылық спорттық сайыс өтті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс орталығындағы “Динамо” спорт кешенінде ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мұрындық болуымен “Әкем, анам және мен - тату-тәтті отбасымыз” атты отбасылық эстафета өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, іс-шараның басты мақсаты - отбасылық құндылықтарды насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. 
- 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгін спорттық сайысты ұйымдастыруды қолға алдық. Ал ертең балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мерекелік іс-шара өтеді. Бұдан бөлек, олар тәрбиелік-патриоттық сабаққа қатысады. Үшінші күні тәртіп сақшыларының балаларын мерекемен құттықтап, сыйлықтар табысталады. Біздің міндетіміз - жас ұрпақты мамандандырылған күзет қызметімен таныстырып, оларды спортқа баулу, - деді ШҚО бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы аға инспектор-психологы Бауыржан Асқарұлы.

Аталған сайысқа Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жұмыс істейтін азаматтардың отбасылары қатысты. Олар барлық 5 кезеңнен сүрінбей өтіп, өздерінің шапшандықтары мен тапқырлықтарын көрсетті.
Эстфета соңында әділқазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет автордікі

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив