A+ A A-

talgatzhan 30 26-05-2025, 11:05 0

Өскеменде «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі басталды

Бүгін / Өскемен / Спорт

26 мамырда облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументі жанында «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруіне ресми түрде старт берілді. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, спорт қауымдастығының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Велошеруге 236 адам қатысты, оларға қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 200-ден астам студенті қосылды. 

Ауқымды шараның мақсаты — жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану қағидаттарын ілгерілету.

Велошеру бағыты Қазақстанның сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы.

Мәреге жету 8 маусымға жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив