Жарыс 18 қазанда сағат 12:00-де басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен XIV республикалық Qazaqstan Barysy турнирі өтеді. Бұл – ел намысын арқалаған ең мықты балуандардың бозкілемдегі шешуші айқасы.
Аталған айтулы дода Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр. Турнирге облыстық іріктеу сайыстарының жеңімпаздары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары қатысады.
Бұдан бөлек, өткен жылғы "Қазақстан Барысы" турнирінің жеңімпазы мен "Әскер Барысы" жарысының 2 балуаны да бозкілемге шығады. Жалпы 43 балуан күш сынасады.
Турнир қорытындысы бойынша үздік спортшы анықталып, қазақ күресінің ең мәртебелі атағы – "Тайтұяқ" пен 15 миллион теңге көлеміндегі бас жүлде табысталады.
Көрермен үшін билеттер ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Пікірлер