A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 18:10 0

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысына сөгіс жарияланды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Бүгін ШҚО бойынша Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы мәселесі қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кеңес мүшелерінің басым бөлігінің дауыс беруі нәтижесінде басшыға қатаң сөгіс беру жазасын қолдану туралы шешім қабылданды. Облыс әкіміне тиісті шара қабылдау туралы ұсыныс жолданды.
- Бұған дейін аталған қызметкер көпшілік алдында кешірім сұраған болатын. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің алдында ол өз қателігін мойындап, онлайн жиналысқа қатысқан әріптестерінен тағы да кешірім сұрады, - делінген ШҚО әкімі баспасөз қызметінің ресми ақпаратында. 
Мемлекеттік қызметші 18 жыл бойы мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді және алғаш рет тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.
Бұдан бөлек, оның мас күйде болуы мүмкін екені туралы пікірлер тараған болатын. Облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілдері басқарма басшысының «ІІ типті қант диабеті» диагнозымен есепте тұратынын мәлімдеді. 
- Бұл сырқаты оның физикалық жағдайына әсер етуі мүмкін. Өзі бұл деректі растайтын медициналық комиссия қорытындысын ұсынуға дайын екенін білдірді. ШҚО әкімдігі ашықтық, мемлекеттік қызметтегі әдеп пен заң талаптарын бұзушылыққа мүлде төзбеушілік қағидатын берік ұстанады. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қатаң түрде заңнама талаптарына және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі, - делінген ресми мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив