Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
14–21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының бокстан чемпионаты өтеді.
Байрақты бәсекеге елдің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады. Олардың ішінде 246 ер және 125 әйел боксшы бар.
14 қазан күні жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық жекпе-жектер 21 қазанда өтеді.
Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Салмақ дәрежелері:
Ерлер: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 85 кг, 90 кг және 90 кг-нан жоғары.
Әйелдер: 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг және 80 кг-нан жоғары.
Чемпионаттың барлық жекпе-жектері QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Пікірлер