A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 16:00 0

Қазақстан теннистің дамуы жөнінен әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кірді

Бүгін / Республика / Спорт

Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жыл сайынғы жалпы жиналысында 200 ұлттық делегация өкілдері Қазақстанның аталмыш әлемдік қауымдастықтағы рөлін нығайтуды қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, шешім басым көпшілік дауыспен (91 пайыз) қабылданды. 
Ең жоғары дауыс саны 12 болса, Қазақстанға берілген дауыс саны жетіден тоғызға дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда Халықаралық теннис федерациясында 5 елдің 12 дауысы, Қазақстанмен бірге 15 мемлекеттің 9, тағы 10 елдің 7 дауысы бар. Енді еліміз ITF-қа ықпалы жөнінен Италия, Чехия, Канада, Испания, Швеция, Швейцария, Қытай, Жапония және басқа елдермен бір қатарда. ITF-қа кіретін елдердің дауыстары шешім қабылдаған кезде әлемдегі теннистің дамуына әсер етеді. 
Осылайша, Қазақстан теннистің жалпы даму деңгейі жөнінен әлемдегі 10 елдің қатарына ресми түрде енді.
- Бүкіл әлемнің ұлттық федерацияларының халықаралық жиналысы елдегі теннистің дамуын, жасөспірімдеріміздің, ересектер ұлттық құрамаларының жетістіктерін, сондай-ақ бұқаралық спорт пен теннис инфрақұрылымының деңгейін тәуелсіз бағалау негізінде Қазақстанның дауысын көбейту туралы шешім қабылдады. Енді Қазақстан әлемдегі мықты теннис елдерінің қатарына заңды түрде кіреді, - деді Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.
Шешім қабылдау кезінде мынадай факторлар: тенниспен айналысушылар саны, арбадағы теннистің дамуы, корттар саны, ұлттық құрамалар нәтижелері, соның ішінде ойыншылардың Олимпиада, Дэвис кубогы және Билли Джин Кинг кубогы командалық жарыстарындағы көрсеткіштері ескерілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 17,5 мыңнан астам бала тенниспен тұрақты айналысып, турнирлерге қатысуда. Елде жыл сайын 250-ден астам, соның ішінде 40-тан астам халықаралық жарыстар өткізіледі. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив