Ауданға қарасты Таврия ауылында қуаттылығы 5,4 МВт болатын қазандық пайдалануға берілді. Енді ол әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына жұмыс сапары барысында жаңа нысанды аралап көрді.
Жоба республикалық және облыстық бюджеттерден, Ұлттық қордан қаржыландырылды. Жалпы құны - 965,6 млн теңге.
Қазір қазандыққа балабақша, мектеп, аурухана және әкімдік ғимараты қосылды. Жақында мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мешіт, әлеуметтік қолдау мекемелері, дүкендер мен көпқабатты үйлер жүйеге қосылмақ.
Осылайша, қос тізбекті жылу жүйесі мен үш шақырымға жуық жаңа жылу желісі жылумен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етпек.
- Басты мақсат – адамдардың жайлылығы мен қауіпсіздігі. Жаңа қазандық жылу тапшылығын жойып, ауылдың одан әрі дамуына жағдай жасайды, - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, қазандық құрылысы 2024-2025 жылдар аралығында жүргізілді. Биыл 15 қазанда нысан тұрақты пайдалану үшін «Шығыс Жылу» АҚ-ға берілді.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер