A+ A A-

talgatzhan 39 21-10-2025, 12:10 0

ШҚО әкімі Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесті

Бүгін / Ұлан

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов колледждің оқу кабинеттерін, зертханаларын және заманауи техникамен жабдықталған шеберханаларды аралап көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Студенттер өздерінің тәжірибелік жұмыстарын таныстырып, жаңа технология бағытындағы жобаларымен бөлісті. Білім алушылардың бірі Telegram-бот жасап шығарғанын көрсетті. Бұл жоба оқу процесін автоматтандыруға және ақпарат алмасуды жеңілдетуге бағытталған.

Бүгінде колледжде түрлі өңірлерден келген жас мамандар білім алуда. Оқу орны аймақ экономикасына қажетті кадрларды даярлауға бағытталған.

- Мен Алматы облысынан келдім. Авиация саласы бойынша білім алып жатырмын. Жалпы отбасымда бұл сала бойынша ешкім жұмыс істеген жоқ. Мен - алғашқысымын. Бұл оқу ордасы маған ұнайды,- дейді студент Нұрбол Қарасов.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов колледждің жатақхана ғимаратының жағдайымен танысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив