14-21 қазан аралығында Семейдегі Абай-Арена спорт кешенінде өткен ел біріншілігі тәмам. Турнирге еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ең жасы үлкен чемпион ретінде 5 баланың анасы Айгерім Сәттібаева (34 жас, 48 келі) тіркелді. Бұл боксшы бұған дейін 2010 жылы ғана топ жарған еді. Ал ең жас чемпион атағын Ұлжан Сәрсенбек (20 жас) пен Бақыт Сейдіш (70 келі) иеленді.
Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы үздік боксшысы атағы Сабыржан Аққалықовқа (Қарағанды облысы) бұйырса, ал әйелдер арасындағы үздік боксшы атағына Жазира Орақбаева (Алматы қаласы) қол жеткізді. Қазақстан чемпионатының үздік төрешісі болып Арман Бүркітбаев танылды.
Топ-3 команда:
І орын – Түркістан облысы – 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль.
ІІ орын – Алматы қаласы – 2 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль
ІІІ орын – Шымкент қаласы – 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль.
Чемпионатта топ жарған былғары қолғап шеберлері:
Ерлер:
50 кг – Даниял Сәбит
55 кг – Сәкен Бибосынов
60 кг – Серік Теміржанов
65 кг – Санатәлі Төлтаев
70 кг – Абылайхан Жүсіпов
75 кг – Сабыржан Аққалықов
80 кг – Ерасыл Жақпеков
85 кг – Дәулет Төлемісов
90 кг – Сағындық Тоғамбай
90+ кг – Нұрлан Сапарбай
Әйелдер:
48 кг – Әйгерім Сәттібаева
51 кг – Жазира Орақбаева
54 кг – Элина Базарова
57 кг – Ұлжан Сәрсенбек
60 кг – Римма Волосенко
65 кг – Лаура Есенгелді
70 кг – Бақыт Сейдіш
75 кг – Валентина Хальзова
80 кг – Надежда Рябец
80+ кг – Валерия Аксенова
Пікірлер