447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Катонқарағай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Катонқарағай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ауданда биыл бірнеше маңызды жоба аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Катонқарағай ауылында жалпы құны  921,6 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы мәресіне жетті. 

- Бұған дейінгі мердігер компаниямен келісімшарт бұзылып, жобаның сметалық құнын арттырмай, құрылыс жұмыстары «СтройДомСервис» ЖШС-ға тапсырылды. Бүгінде негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Нысанның ашылуы 24 қазанға жоспарланып отыр, - деді аудан басшысы Данияр Дүйсембаев.

Сондай-ақ осы жылы Топқайың ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын реконструкциялау аяқталды. Жобаны 2021 жылы маусымда «QazConstructions» ЖШС қолға алған еді. Оның жалпы құны - 602,865 млн теңге. Нысанды толық аяқтау мақсатында сметалық құнды ұлғайтпай, «SELuX» ЖШС-мен 77,779 млн теңгеге қосымша келісімшарт жасалды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив