Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір ауданда халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. 2023–2025 жылдары 50 жобаға 674,4 млн теңге бөлінді. Биыл тағы 20 жоба қаржыландырылды.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 95 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 121,6%-ға артты.
- Құрылыс жұмыстары да жоғары нәтижеге ие. 10,4 млрд теңгеге тиісті жұмыстар жүргізіліп, 7,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауданның агроөнеркәсіптік кешені, өнеркәсіп және туризм салалары болашақта да дамудың негізгі драйверлері болып қала береді. 2029 жылға дейінгі даму жоспары аясында 15,8 млрд теңге бюджет қаражатын және 358 млрд теңге жеке инвестиция тарту көзделген, - деді Лязиза Кенжетаева.
Қазір ауданда 57 мың бас ірі қара, 99 мың бас қой-ешкі, 43 мың бас жылқы, 8,5 мың бас шошқа, 3,4 млн бас құс бар.
- Жыл басынан бері шаруашылықтар 71 мың тонна ет, 35 мың тонна сүт, 4,3 млн жұмыртқа өндірді. Ауданда 2 мың басқа арналған 8 сүт фермасы және 3,6 мың басқа арналған 9 тағамдық алаң жұмыс істейді. Сонымен қатар «Азовое Агро» ЖШС 600 басқа арналған жаңа сүт фермасын салып жатыр. Ал «Казрусстэк» ЖШС 1,5 млрд теңгеге 400 басқа арналған ферманы жаңғыртуды жоспарлауда, - деді аудан басшысының орынбасары.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер