Сағыр, Айыртау, Алмасай, Б.Өтепов, Алғабас, Ұлан, Каменка, Пролетарка, Ново-Одесское, Асубұлақ ауылдарында 60 пәтер сатып алуға 1,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаеваның айтуынша, елді мекенде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы жалғасуда.
- Соңғы 5 жылда аталған бағдарлама аясында көпбалалы және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 208 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Былтыр Герасимовка ауылында 1,6 млрд теңгеге 44 екі пәтерлі үй салынды. Көпбалалы отбасылар үшін 690,2 млн теңгеге 34 пәтер, әлеуметтік осал топтарға 897,4 млн теңгеге 54 пәтер салынды, - деді Лязиза Кенжетаева.
Пікірлер