A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:00 0

Ұлан ауданында халықтың 92,7%-ы интернетпен қамтылған

Бүгін / Ұлан

Жыл соңына дейін «АуылТелеком» ЖШС Бурса және Тройницкое ауылдарын интернетке қосады, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қараша айының соңында Манат ауылында «One Web» спутниктік интернетінің жалпы қолжетімділік нүктесін орнату жоспарланған.
- Восточное, Макеевка, Украинка ауылдарында «Мобайл Телеком сервис» ЖШС талшықты-оптикалық желі тартуды бастады. Сарыөзек , Алғабас Жантас, Азовое, Мирное, Смолянка ауылдары бойынша интернет мәселесін шешу жалғасуда. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2026 жылдың соңына дейін байланыс операторларымен бірлесіп, халықты интернетпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ әр нақты аумақтың ерекшеліктеріне және қол жетімді технологияларға байланысты ауылдарды ғаламторға қосудың балама нұсқалары қарастырылады, - деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева.
Айта кету керек, биыл аудандағы 12 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Starlink» жүйесі орнатылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив