A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:20 0

Қасым Қайсенов кентінде мектеп салынады

Бүгін / Ұлан

Ресми ақпаратпен аудан әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева Өскеменде өткен брифингте бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиында Ұлан ауданы бойынша биыл 6 білім беру нысаны жөнделгені де айтылды. Айталық, 114,7 млн теңгеге Таврия орта мектебі, М.Әуезов атындағы мектеп, Герасимовка орта мектебі, Пролетарка орта мектебі, «Балапан» балабақшасы, Гагарин орта мектебі жөндеуден өткен.

Сондай-ақ, робототехника, химия, физика және биология кабинеттерінен тұратын 5 кабинет 57,1 млн теңгеге сатып алынды. 

- 2026–2027 жылдары Қасым Қайсенов кентінде 6,1 млрд теңгеге 600 орындық мектеп салу жоспарлануда. Қазір кентте жобалық қуаттылығы 920 орындық 2 мектеп бар, алайда 1758 оқушы 2 ауысыммен оқып жүр. Мектептерді жаңғырту бағдарламасы аясында Айыртау мен Мамай батыр ауылдарындағы екі мектепке 2026–2027 жылдары күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, - деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева. 

Оның айтуынша, Жаңұзақ ауылындағы негізгі мектепке арналған спорттық модуль құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жоба алдағы уақытта Желдіөзек пен Баяш Өтепов ауылдарындағы негізгі мектептерде де қолданылатын болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив